Архив событий

20/08/2020

Сот М. Мухитованың жазасының өтелмеген бөлігін ауыстырды

20/08/2020

Сотталған Мухитованың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтінішхаты «Байқоңыр» ауданы № 2 сотының ағымдағы жылғы 23 маусымдағы қаулысымен қанағаттандырусыз қалдырылды. Нұр-Сұлтан қаласы сотының апелляциялық сатысы осы шешімнің күшін жойды. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі айыппұлға ауыстырылды. Қылмыстық кодекстің 73-бабына сәйкес, сотталған адам қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.