Архив событий

04/08/2020

Тараптар балалардың тұрғылықты мекен-жайын аңықтау туралы мәселені өзара келісу арқылы шешті

04/08/2020

Азамат Д. кәмелетке толмаған үш баланың әкесімен бірге тұратын жерін анықтау туралы М.-ға талап қойып, Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді. Сот ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылғанын, содан кейін балалардың анасымен бірге тұратынын анықтады. Сонымен қатар ананың балалардың өздерінің әкесімен қарым-қатынасына кедергі жасайтыны да белгілі болды.