Архив событий

24/08/2020

56 миллион теңге көлеміндегі дау медиация арқылы шешілді

24/08/2020

"K" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "C" жауапкершілігі шектеулі қоғамынан берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Шарт талаптарына сәйкес тараптар арасында 56 000 000 теңге мөлшерінде берешек сомасы пайда болған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді.

Ювеналды сот сотты құрметтемегені үшін айыппұл салды

24/08/2020

"Онлайн" отырыс барысында кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілі С. сот талқылауы барысында төрағалық етушінің ескертулеріне жауап бермеді, даусын көтере сөйледі және өзін агрессивті, теріс жағынан ұстады, сотталушы М. - ның қоғамдық қорғаушысының сөзін бөле берді, онымен дауласа берді.

Сонымен қатар, куәгер Б. - дан С.-ның атына ескерту келіп түсті.