Архив событий

13/08/2020

Сотқа құрмет көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/08/2020

Қылмыстық іс бойынша сотталушы С. мобильді конференцбайланыс арқылы «онлайн» өткізілген сот отырысының уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілген болатын. Соған қарамастан ол процеске қосылмады, тіпті сот отырысы хатшысының телефон қоңырауларына да жауап бермеді.

Сот оның сот талқылауына қатыспау себебін анықтаған кезде ол процес уақыты кезінде ұйықтап қалыппын деп түсініктеме берді. Сот осы түсініктемені негізсіз, әрі сотты құрметтемеушілік деп тауып, сотталушыны сотқа мәжбүрлеп келтіртті.