Архив событий

17/08/2020

Елорда тұрғыны Iphone 11 ұрлағаны үшін сотталды

17/08/2020

Алматы ауданының № 2 аудандық сотында өзінің танысы М.-ның «Iphone 11» маркалы ұялы телефонын алдап иеленген азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. А. ұрланған телефонды ломбардқа 200 000 теңгеге өткізген. Оның осы әрекеттері алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иелену деп сараланды (ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі).