Архив событий

14/08/2020

Алматы аудандық сотының судьяларына алғыс білдірілді

14/08/2020

Адвокат Надежда Гаврилова өз хатында сот отырыстарын әуре-сарсаңсыз, бірқалыпты өткізетін, әрбір қабылданған шешімдері заң нормалары мен нақты айғақтармен дәлелденген сауатты, бірбеткей судьяларды атап өтудің қажеттілігін айтып өтті.

«Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып жүргені үшін Алматы аудандық сотының судьялары Б.Т.Қабылбеков, С.А.Қойшыбаева, А.Т.Амангельдинге шексіз алғысымды білдіремін. Судьялардың жоғары кәсібилігінің нәтижесінде заң үстемдігі мен сот төрелігіне деген сенім нығая түседі», - деп келтірді  адвокат алғыс хатта.

Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін талқылау бойынша конференция өткізілді

14/08/2020

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьялары алимент өндіру туралы дауларды қарау тәртібін талқылау бойынша конференция өткізді. Оған қала нотариустары мен «Заңгерлердің зияткерлік клубының» заңгерлері және «Қазақстан медиаторлар қауымдастығының» өкілдері қатысты.

«Онлайн» кездесу барысында судья Айгүл Молдыбаева Астана аудандық сотының 2020 жылдың өткен кезеңіндегі статистикалық мәліметтеріне тоқталды.

Азаматтық істер жөніндегі алқа судьяларының атына алғыс білдірілді

14/08/2020

ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Қ.Асановтың атына елорда тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.

Ильина Виктория өз хатында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары Ә.Е.Қасенов, Г.А.Әбдіғалиева, Т.Ю.Мирзоян, Қ.С.Әлжіқовқа сот жүйесін дамыту және азаматтардың сот төрелігі мен заңның күшіне  деген сенімін қолдаудағы жұмысы үшін алғысын білдірді.