Сот Бердібек Сапарбаевтың талап арызы бойынша шешім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық соты Б.М.Сапарбаевтың  А.К.Егеубаевқа моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылды.

Сот А.К.Егеубаевтың 2016 жылдың 10 шілдесінде «www.уоиtube.соm сайтында» Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданына қарасты жалпы көлемі 87 437 гектар жерлерді 2010 жылдары сол кезде облыс басшысы болған Б.М.Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен қытай азаматтарымен 2016 жылы инвестиция салу мақсатында алып алғандары туралы материалы шындыққа сәйкес келмейді деп танылды және А.Егеубаевты осы аталған материалдың шындықпен жанаспайтыны туралы теріске шығаруды «Today» ақпараттық агенттік арқылы жариялауды міндеттеді.

Сонымен бірге сот А.Егеубаевтан Б.Сапарбаевтың мүддесіне моральдық зиянның өтемі ретінде 100 000 теңге соммасындағы ақшалай өтемақыны өндірді.          

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі