Архив событий

19/10/2016

Сотта істі талқылаудың ашықтығы

19/10/2016

Астана қаласының Алматы аудандық сотында сот төрағасы Ғ.Нәсірдіновтің және судьялардың қатысуымен «Сотта істі талқылаудың ашықтығы» атты тақырыбында семинар өтті.

Судья А.Тағажаева барлық сот сатыларында азаматтық істерді талқылау ашық жүргізілетінін және сот актілері жария түрде хабарланатынын, ал жабық сот отырысында мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар шешімді жариялауды қоса алғанда, істерді қарау және шешу заңға сәйкес жүзеге асырылатынын баяндады.

Банкроттық және оңалту рәсімдері

19/10/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Банкроттық және  оңалту рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға Астана қаласы сотының судьялары қатысты, оңалту және банкроттық  бөлімінің, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, «Сбербанк России» АҚ, «QAZAQ BANKI» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ Еншілес банкінің заңгерлері қатысты.

Сарыарқа аудандық соты қызметкердің пайдасына моральдық зиян сомасын өндірді

19/10/2016

Аз. Б. жеке кәсіпкер «Б»-ға  қатысты еңбекақыны өндіріп алу, пайдаланылмаған еңбек демалыс күндері үшін өтемақыны және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сот, жауапкердің талапкерді ыдыс жуушы ретінде жұмысқа қабылдағанын анықтады.

Сот талқылауы барысында талапкер, еңбек ақысы кешіктіріліп толық көлемде төленгенін, алайда  пайдаланылмаған кезекті еңбек демалысы үшін өтемақысын және уақытша еңбекке жарамсыз кезінде өтемақысын жауапкердің төлемегенін түсіндірді.

Астана қаласының тұрғыны келтірген дене жарақаттары үшін жауаптылыққа тартылды

19/10/2016

2015 жылғы 31 мамырда аз.С.  Астана қаласындағы «О» ПМК үй-жайында азаматша Г.-ны соққыға жыққан.

Сот медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің жеңіл дене жарақаты келтірілген.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен С-ке 25 АЕК көлемінде айыппұл жазасы мен материалдық және моральдық шығындарды өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.