Архив событий

18/10/2016

Еңбекақы бойынша берешек өндіріп алынды

18/10/2016

Астана қаласының Алматы аудандық сотында аз.«К»-нің «Қ» Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнен еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талаптарын 2008 жылдың 15 қазанынан бастап «Қ» үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнде төраға лауазымында жұмыс істегенімен және 2015 жылғы 23 мамырдағы меншік иелерінің қатысуларымен  жалпы жиналыстың хаттамасы негізінде, басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылғанымен уәждеді.

Сот материалдық және моральдық зиянды өндірді

18/10/2016

Талапкерлер К. және Т. азамат А-ға қатысты материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы арызбен сотқа жүгінді.

Сотта жауапкер А.-ның көлік құралын басқару құқығының болмауына қарамастан, талапкердің автокөлігімен соқтығысып, талапкер Т. соққы нәтижесінен дене жарақатын алған.

Автокөліктің иесі ретінде  талапкер К. танылған.

Сот талқылауы барысында жауапкер талап арыз талаптарын толық көлемде мойындады.

Астана тұрғыны жалған терроризм үшін сотталды

18/10/2016

2016 жылғы 30 маусымда М. алкогольдік масаң күйде Астана қаласындағы «ОӘД» ғимаратында террористік акті дайындалып жатқаны туралы  хабарлаған.

Құқық қорғау органдары келген кезде террористік акті дайындалып жатқаны туралы факт расталмады.

Астана қаласы Алматы ауанының № 2 аудандық сотының үкімімен М-ға жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Судьялар Астана қаласы Әділет департаментінде өткен семинарға қатысты

18/10/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьялары  Ж.Дүйсенова және А.Жаманова Астана қаласы Әділет департаментінде дүниежүзілік экономикалық форумының ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін талқылау жөніндегі  өткен семинарға қатысты.

ДЭФ ҒБҚИ рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша әділет органдары өткізген жұмыспен танысты.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу және әкелу

18/10/2016

2016 жылғы 08 қыркүйекте аз. Б. өзінің пайдалануы үшін аса ірі мөлшерде Жамбыл облысы Луговое қаласында жалпы салмағы 3 кг 566 гр. болатын есірткі затын – кептірілген марихуананы заңсыз сатып алған және Астана қаласына әкелген.

Сот отырысында сотталушы Б. кінәсін толық мойындады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың кейбір мәселелері туралы

18/10/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың кейбір мәселелері туралы» семинар сабағы өтті.

Іс-шараға сот төрағасы және судьялары, Астана қаласы  «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының ІІБ ювеналдық полициясының өкілдері қатысты.