Архив событий

21/10/2016

Судья «Сұхбат» бағдарламасында сөз сөйледі

21/10/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы С.Бекіш «24 Хабар» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасына қатысты.

Әңгімелесу барысында судья 2016 жылғы 9 айда атқарылған жұмыс көрсеткіштері жайлы айтып берді.

 

 

Сот хабарландыруы және тараптарды шақырту

21/10/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында кеңсе меңгерушілері мен сот мамандарының қатысуымен «Сот отырысына тараптарды шақыру тәртібі» атты тақырыпқа семинар өткізілді.

Семинарда бас маман – сот отырысының хатшысы Д. Қоқаева іс бойынша сот отырысына тараптарды, сондай-ақ қатысуға тартылған өзге де адамдарды шақыру қағидасы туралы айтып берді.

«Альянс-Транспорт» ЖШС бұрынғы қызметкері жауаптылыққа тартылды

21/10/2016

2016 жылғы ақпан айында К. «Альянс-Транспорт» ЖШС-ң қызметкері ретінде бірнеше рет «№7 Қалалық емханадан» жалған еңбекке жарамсыз парағын алып, оны жұмыс орнына тапсырған.   

Сотта К. өз кінәсін толық мойындады.

Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының үкімімен К. кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Сот Өзбекстан азаматын елден қуып жіберді

21/10/2016

2016 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлерімен  ҚР аумағынан шығу туралы сот шешімін елеусіз қалдырған Өзбекстан азаматын қолға түсірді. 

Сотта шетел азаматының ҚР ҚК-нің 393 бабында көзделген  қылмыстық әрекетті жасағаны анықталды.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  оған Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жыл мерзімге шығарып жіберумен қатар, 25 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Есіл аудандық сотында семинар өткізілді

21/10/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының қатысуымен «Өкпе ауруымен ауыратын немесе емделуден жалтарған азаматты мәжбүрлі түрде емдеу туралы істерді қарау тәжірибесі» атты тақырыпқа семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрағасы қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді жарияланды және сақталуға тиісті процестік талаптар мен мерзімдер талқыланды.

Соңында судьялар құқық қолдану практикасы мәселелерін талқылады.

 

Қоғамды көлікте ұрлық орын алды

21/10/2016

2016  жылғы 1 қыркүйекте М. Астана қаласының №30 қоғамдық көлігінде  жәбірленуші Р.-ң әмиянын ұрлап алған.

Бөтеннің мүлкін өз игілігіне жаратып үлгермеген М., полиция қызметкерлерімен қылмыс орын алған жерде ұсталды.

Алматы ауданының №2 аудандық соты М.-ға  2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.