Архив событий

13/10/2016

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары

13/10/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында судьялар мен сот мамандарына «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау» атты тақырыпқа дәріс сабағы өтті.

Сот төрағасы Д. Әбдіғалиев мемлекеттік қызмет атқару қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, судьялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы болып табылады деп атап көрсетті.

Ювеналдық сот ҚазМЗУ колледжінің студенттері үшін өз есігін ашты

13/10/2016

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қазан айына  ҚазМЗУ колледжінің студенттері үшін өз есігін айқара ашты.

Сот жұмысымен танысу мақсатында, бір ай көлемінде ҚазМЗУ колледжінің 8 бірдей тобының студенттері  Ювеналдық сотқа баратын болды.

Студенттер үшін сот ғимаратында экскурсия ұйымдастырылды, онда олар балалар бөлмесімен танысады, психологпен, кәсіби медиаторлармен және судьялармен кездесетін болады.

Мемлекеттік органдар арасындағы электронды құжат алмасу

13/10/2016

Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік органдар арасында электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесімен жолданған құжаттармен жұмыс бойынша нұсқаулық» атты тақырыпта мамандардың қатысуымен семинар сабағы өтті.

Сотта «Біздің назарда!» атты бағдарлама үшін түсірілім жүргізілді

13/10/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Хабар» телеарнасының шығармашылық тобы «Біздің назарда!» атты бағдарлама үшін түсірілім жүргізді.

Түсірілім барысында сот судьясы К.Әлқожаев  Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін көзделген жауаптылық туралы айтып берді.

Сонымен қатар, өз сөз сөйлеуінде судья тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетудың алдын алу туралы айтты.

 

Ашық есіктер күні

13/10/2016

Астана қаласының Есіл аудандық соты «ҚАЗГЗУ» Университеті» АҚ студенттері үшін «Ашық есіктер күнін» өткізді.

Осы іс-шара студенттердің сот төрелігі жүйесінің жұмысына қызығушылығын арттырады және құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шара шеңберінде студенттер сот жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Студенттерге судьялармен кездесуге және олардың қызметтерімен танысуға мүмкіндік берілді. Сот отырысына қатысу студенттер арасында ерекше қызығулылық туғызды.

Кәмелетке толмаған бөтеннің мүлкін ұрлады

13/10/2016

2015 жылғы 26 қыркүйекте сотталған кәмелетке толмаған А., «Шевроле Круз» автомашинасының терезесін сындырып, заңсыз ішке кіріп, жәбірленуші С-ға тиесілі бөтеннің мүлкі ұрлығын жасаған.

Сотталушы А. сотта кінәсін мойындады, оның заңды өкілі – кәмелетке толмағанның анасы баласының берген түсініктемелерін толық мойындады және бір ай уақыт ішінде жәбірленуші С-ға материалдық зиянды өтеуге міндеттелді.