Архив событий

05/10/2016

Жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы 6 жылға бас бостандығынан айрылды

05/10/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы Е.Н.Сүлейменовке және «Астана-Монтаж Сервис-НТ» ЖШС директоры Д.Б.Дюсуповке қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Е.Н.Сүлейменовтің лауазымды тұлға бола отырып, пайда табу үшін әрекет етіп, заңсыз баю мақсатында, ЖШС-ның директоры Д.Б.Дюсуповтың делдалы арқылы пара берушінің пайдасына заңсыз әрекет жасау үшін «М» ЖК-ның директорынан ақшалай қаражат алғаны анықталды.

С.Б. Матаевқа және Ә.С. Матаевқа қатысты үкім бойынша

05/10/2016

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты ағымдағы жылдың 3 қазанында «Ұлттық баспасөз-клубы» Қоғамдық бірлестігінің  президенті Матаев Сейітқазы мен  ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің директоры Матаев Әсетке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Процестік әрекеттерді жасау мерзімдері

05/10/2016

Астана қаласының Алматы аудандық сотында сот төрағасы Ғ.Нәсірдіновтің және судьялардың қатысуымен «Процестік әрекеттерді жасау мерзімдері» тақырыбында семинар өтілді.

Сот төрағасы процестік әрекеттердің процестік мерзімдерде әзірленіп, ҚР АПК-пен бекітілген мерзімдерде сотпен тағайындалатынын атап өтті.  

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты.

Ювеналды сотта ашық есік күні өтті

05/10/2016

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Астана қаласының қаржы және экономика Академиясы студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.

Аталған шара ювеналды соттың жұмысымен таныстыру және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізілді.

Студенттер соттың жұмысымен танысты.

Сот тәртібінде еңбек дауларын қарастыру

05/10/2016

«Экономика және менеджмент» Қазақстандық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы «Дипломат» қонақ үйінде «ҚР Еңбек Кодексі: новелларды түсіндіру, тәжірибелік сұрақтар мен оларды қолдану тәртібі» тақырыбы бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек басқармасының басшысы А.А.Оспанов, сотқа дейінгі сот процедуралары аясында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша сарапшы-практик Б.Ш.Нурашева, Қазақ ҒЗИ директоры С.Х.Берешов және Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.К.Каримованың қатысуымен семинар өткіз

Перинаталды орталықтың бұрынғы қызметкері сотта жауап берді

05/10/2016

2015 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласының «№2 Перинаталды орталығының» қызметкері «№8 Қалалық емханадан» жалған еңбекке жарамсыз парағын алып, оны жұмыс орнына өткізген.

Сотта С. кінәсін толық мойындап, өзінің әрекетіне өкініш білдірді.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соттың үкімімен С.-қа 25 АЕК көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткені үшін жауаптылыққа тартылды

05/10/2016

2016 жылғы 31 мамырда Ж. «Хюндай» маркалы автокөлікті басқарып, жаяу жүргінші А.-ны қағып кеткен.

Жол көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші А-ның денсаулығына ауыр зиян келтірілді.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ж. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге автокөліктерді басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сот жалақы бойынша қарызды өндіріп берді

05/10/2016

2013 жылғы 23 тамызда аз.В. «I» ЖШС-не сәйкес айлықпен еңбек шартының негізінде жұмысқа қабылданды.

2013 жылғы 20 тамыздан 2016 жылғы 10 ақпан мерзім аралығында жалақы бойынша қарыз соммасы жинақталған.

ҚР Еңбек кодексінің 134 бабы бойынша жалақы кейінгі келесі айдың бірінші он күндігінен қарағанда, кем дегенде айына бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда төленеді. Жалақы төлеу күні еңбектік, ұжымдық келісім-шартпен қамтылуы көзделген.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін айыппұл

05/10/2016

2016 жылғы 22 тамызда көлікті басқару құқығынан айырылған аз.А «Мерседес» маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен А. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 25 АЕК көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.