Сот алиментті өндіріп алу туралы мәселені шешу кезінде медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында аз. А-ның аз. Е-ге қатысты жұбайын асырау үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Істің қаралуына дейін тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат келіп түсті.

Сот көрсетілген келісімнің ерікті түрде жасалуын және үшінші тараптың құқықтары мен мүдделерін шектемеуін назарға ала отырып, медиативтік келісімді бекітті.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі