Архив событий

08/08/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинарлық сабағы өтті

08/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта сот кеңсесінің меңгерушісі мен мамандарының қатысуларымен «Азаматтық істерді қарағаннан кейін оларды ресімдеу» атты тақырыбында семинар сабағы өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар азаматтық істерді қалыптастыру кезінде хронологиялық тәртіпті сақтау, сондай-ақ анықтамалық парақты және куәландырушы парағын толтыру мәселелерін талқылады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру

08/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, 30 наурыз 2016 жылы аз. В. жатақхана ғимратында жәбірленуші Н.-нің кеуде тұсына пышақпен жасап, нәтижесінде ол халде қалалық аурухананың біріне жеткізілгені ауыр анықталды.

Сот үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы ауданының № 2 аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

08/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы А. Ақылбайдың және сот судьяларының қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысының барысында судья Әмірғалиев А., сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – бұл мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының, сыбайлас жемқорлыққа теріс ықпал етудің алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оның пайда болуына ықпал етуші себептер мен мән-жайларды шеттетуге байланысты, негізделген салдарлы және жүйелі қызмет деп атап өтті.

Дене жарақаттарын келтіргені үшін айыппұл

08/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 28 мамырда сотталушы С-ң Астана қаласындағы пәтерлердің бірінде жәбірленуші К-ға қасақана дене жарақатын келтіргенін анықтады.

Сот үкімімен С. кінәлі деп танылды және оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза  тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дәу медиация тәртібінде шешілді

08/08/2016

Астана қаласының Алматы аудандық соты аз.Г-ның «Trending Retail Group» ЖШС-не қатысты еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, жұмысқа қайта қабылдау, еңбекақыны өндіріп алу туралы аз.Г-нің  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар кәсіби медиатордың әрекет етуімен белгіленген медиативтік келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішхатынмен жүгінді.

Іс материалдарын зерттей отырып, сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Есірткі затын сақтағаны үшін 25 мөлшеріндегі айыппұл

08/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 292-бабының 2-бөлігі бойынша Ш-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысы барысында, 2016 жылғы 09 шілдеде «Бектау» бекетінде полиция қызметкерлері автомобильді тоқтатқан, жолаушы Ш-ң құжаттарын тексеру кезінде ол өз еркімен салмағы 1,4581 гр. болатын гашиш – есірткі заты бар қағаз ораманы бергені анықталды.

Сотталушы Ш. кінәсін толық мойындады және есірткі затын сату мақсатынсыз жеке пайдалануын сақтағанын айтты.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқару

08/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен айыпталған Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында, 06 шілде 2016 жылы алкогольдік масаңдық күйде сотталушы Д. басқарған көлік ЖПП-ң қызметкерлерімен тоқтатылды.

 Бұдан басқа, сотталушының көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлікті жүргізгені қоса анықталды.

Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 25 АЕК айыппұл жазасы тағайындалды.

Есірткілерге байланысты қылмыстық әрекет

08/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі бойынша А-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, аз. А-ң 2016 жылдың 12 шілдесінде Астана қалаласындағы тұрғын үйлердің бірінде, медициналық мақсаттағы емес есірткі затын күре тамыр ішіне еккенін, осыдан кейін ол полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықтады.