Архив событий

18/08/2016

Сот «МК Ломбардқа» басып кірушіге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады

18/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігінің «2»-тармағы, 261-бабының 2-бөлігінің «8,9»-тармақтары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті С-ға қатысты күзетте ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

2016 жылғы 14 тамызда С. Астана қаласындағы «МК Ломбард» филиалдарының біріне басып кіргенін еске саламыз.  Сот, С-ның пневматикалық газболлонды тапаншаны және медициналық бетпердені қолдана отырып, жәбірленуші Н-ға бас салғанын анықтады.

Астана қаласы дүкендерінің бірінде ұрлық орын алды

18/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөілігі бойынша З-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 30 тамызда Астана қаласындағы  «Лиана» дүкенінде жәбірленуші Р-ның оң жақ қалтасынан жасырын ұялы телефонын ұрлағанын анықтады.

Сот отырысының барысында Р. медиативтік келісім бекітуіне байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішхатын мәлімдеді.

Сот отырысы хаттамасын толтырудың негізгі нормалары

18/08/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А. Сұлтанованың және бас маман - сот отырысы хатшыларының қатысуларымен сот отырысының хаттамаларын сапалы толтыру мәселесін талқылау бойынша семинар сабағы  өтті.