Архив событий

24/08/2016

Билік өкіліне бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық

24/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Д-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот талқылауы барысында, сотталушы Д. 2016 жылғы 08 маусымда алкогольді масаң күйде, билік өкілінің заңды талаптарына және өкіміне бағынбаушылық танытып, соңғысына қатысты күш көрсеткені анықталды. 

Сот қаулысымен Д. кінәлі деп танылды және оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Сот дебиторлық берешек сомасын өндіріп алды

24/08/2016

Астана қаласы Алматы аудандық соты «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-ның аз. Б-ға қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Сот, «А» АҚ  банкі мен жауапкер Б-ның араларында  шарт жасалғанын, оның шарттары бойынша банк қарыз алушыға қарыз бергенін анықтады.

Жауапкер несие сомасын өтеуге және банкке төлем кестесіне сәйкес сыйақы сомасын төлеуге міндеттелген, алайда ол өзіне алған міндеттемесін тиісті түрде орындамаған.

Сот пәтерді су басып кету салдарынан келтірілген зиян сомасын өндіріп берді

24/08/2016

Астана қаласы Сарыарқа  аудандық соты аз. И-дың аз. Ф-ға қатысты пәтерді су басып кету салдарынан келтірілген зиян сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 12 наурызда жауапкер Ф-ның кінәсінен талапкерге И-дың пәтерін су басып кеткенін, оның бір қабат төмен тұратынын анықтады.

Талапкердің пәтерін су басып кету фактісі 2016 жылғы 12 наурызда қол қойған актімен расталады. Актіге талапкер қол қойған және оны ЖСК төрағасы бекіткен.

Экономикалық сотта мемлекеттік қызметшілер этикасы мәселелеріне арналған семинар сабағы өтті

24/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі Донской А.И. және сот мамандарының қатысуларымен «Сот процестерінің қатысушыларымен жұмыс кезінде мемлекеттік қызметшінің этика сақтауы» атты тақырыбында семинарлық сабағы өтті.

Астана қаласы экономикалық сотында семинар өтті

24/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот хабарламалары» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Донской А.И. және сот мамандары қатысты.