Архив событий

01/08/2016

Судьялар корпусы судьяны мерейтойымен құттықтады

01/08/2016

Бүгін астаналық судьялар корпусы Астана қаласы сотының судьясы Әміренов Тоқтар Қалиасқарұлын мерейтойымен құттықтады!

Әріптестер мерейтой иесіне мықты денсаулық, бақыт, ырыс және ұзақ ғұмыр тіледі.

Бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық

01/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысының барысында 2016 жылғы 18 наурыздан бастап 23 сәуірге дейінгі аралықта сотталушы  Ш. алдау және сеніміне кіру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 эпизодын жасаған.

Барлық эпизодтар бойынша Ш.  тоғыз ұялы телефон ұрлығын жасаған.

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздан бас тартты

01/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» ММ-нің мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздықты өндіріп алу туралы «Е» ЖШС-на қатысты  талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот отырысының барысында, тараптар араларында шарт жасалғаны, оның талаптарына сәйкес, «Е» ЖШС 600 данада энергия үнемдеуші лампалар жеткізуге міндеттелінгені анықталды. 

Сот берешек және тұрақсыздық сомасын өндіріп алу туралы талап арызды жартылай қанағаттандырды

01/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Р» ЖШС-ның берешек және тұрақсыздық сомасын өндіріп алу туралы «S» ЖШС-на қатысты азаматтық істі қарады.  

Сот отырысының барысында тараптар араларында өтеусіз қызмет көрсету туралы шарт жасалғаны, оның шарттары бойынша жауапкер  ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындар өндірістік нысандарында пресс-тур өткізу бойынша қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттелінгені анықталды.

Сот жүргізушіні қылмыстық жауаптылыққа тартады

01/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 22 маусымда Астана қаласы ІІД ЖПП полкінің инспекторы автомобильді қайта масаң күйінде жүргізгені үшін азамат Б-ны ұстағанын анықтады.

 Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылды және оған 3 жылға автокөлік басқару құқығынан айыра отырып, 300 сағатқа қоғамдық  жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жеке айыптау мәселелері

01/08/2016

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында  сот төрағасының, судьяларының, Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының және Есіл ауданы ІІД өкілдерінің қатысуларымен  «Жеке айыптау мәселелері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек  үстел барысында судья Кисикова Д.Г. жеке шағымдар бойынша құқықтық бағалауды сотқа жібергенге дейін беру қажеттілігі және  жеке шағымдарды басқа қылмыс құрамынан шектеу керектігі туралы айтты.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарау

01/08/2016

Астана қаласы Есіл ауданының аудандық сотында  «Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы және судьялар, Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының, «Астана қаласы Әділет департаменті»  РММ-нің, «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС-ның, «нысандарды қайта қалпына келтіру жөніндегі дирекция» ЖШС өкілдері қатысты.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін айыппұл

01/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша азамат А-ға қатысты іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 12 маусымда Астана қаласы Алматы  ауданы ІІБ КПБ қызметкерлері азамат А-ны ұстағанын, оны қарап тексеру кезінде жалпы салмағы 4,2010 грамм кептірілген марихуана – есірткі заты табылғанын анықтады.

Осы есірткі затын А. сату мақсатынсыз өзінің пайдалануы үшін заңсыз сақтаған.

Сотта жас судьялардың ментормен кездесуі өтті

01/08/2016

Астана қаласы Есіл ауданының сотында   жас судьялар Н.К. Шуалканова және Б.С. Ельдеевалар Астана қаласындағы соты судьясына орынан түскен судья –ментормен кездесу өтті.

Мурзабекова М.Б. жас судьялар өткізген сот процестеріне қатысты, олар аяқталғаннан кейін құқық қолдану тәжірибесі бойынша әңгімелесу өткізілді.