Архив событий

04/08/2016

Сот берешекті өндіріп алу туралы талап арызды жартылай қанағаттандырды

04/08/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «С» ЖК-нің  «К» ЖШС-не берешекті және тұрақсыздықты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, талапкер мен жауапкер араларында арнайы техниканың қызмет көрсетулері туралы шарт жасалғанын, оған сәйкес талапкер арнайы техниканы пайдалана отырып, қызмет көрсетуге міндеттелінгені, ал жауапкер тапсырыс беруші ретінде ақы төлеуі тиіс  екені анықталды. Алайда, жауапкер қызмет көрсету құнын төлеу бөлігін тиісті түрде орындалмаған.

Тараптарды сот отырысының хаттамасымен таныстыру

04/08/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот отырысының хаттамаларымен тараптарды таныстыру және толтыру мәселелері бойынша  семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы барысында кеңсе меңгерушісі А.К. Сұлтанова сот отырысының хаттамаларын толтыру қажеттілігі туралы атап өтті.

А.К.Сұлтанова мамандарға 100% аудио-, бейне жазбаларын жүргізуді, сондай-ақ жекелеген процестік іс-әрекеттер хаттамасын толтыруды тапсырды.

Астана қаласы Есіл ауданының судьясы радиода сөз сөйледі

04/08/2016

Есіл аудандық сотының судьясы  Г.М. Башенова «Астана» радиосында   «Еңбек дауларындағы өзекті мәселелер» атты тақырыпта сөз сөйлеген.

Әңгімелесу барысында судья еңбек заңнамасының новеллаларын,  келісу іс жүргізуін, сондай-ақ моральдық зиянды өндіріп алу  мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ радио-эфир барысында еңбек құқығы саласында оларды қызықтырған мәселелер бойынша жауаптар берілді.

ЭКСПО-2017 ісі бойынша апелляциялық шағымды және наразылықты қарау

04/08/2016

Астана қаласының соты 09.06.2016 жылғы  ЭКСПО-2017 ісі бойынша Т.А. Ермегияевке және басқа да фигуранттарға қатысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне   апелляциялық шағымды және прокурор наразылығы бойынша  істі қарау 2016 жылғы 08 тамызда сағат 10:00-де ,  Астана қаласы Сауран көшесі 32, А-блогы мекен-жайында өткізіледі.