Көлік құралының тұрақ тәртібін бұзғаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 3-бөлігі бойынша азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот, 2016 жылғы 25 маусымда жүргізуші И.-ң автокөлік құралдары тұрағының ережесін бұзғанын, ол өзінің автокөлігін басқа көліктерге бөгет болатындай етіп қойғанын анықтады. 

Сот қаулысымен И. 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі