Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты аз. С-ның  ½ үлесін ақшалай түрде белгілеу және соманы өндіріп алу туралы  Д-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды партисипативтік  рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш білдірді.

АПК-нің 177-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, сот тараптарға партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарын түсіндірді.

Келісімнің шарттары бойынша жауапкер Д. қарыз сомасын қолма-қол беруге, ал талапкер өз кезегінде жауапкерге қойылған талап арыз талаптарынан бас тартуға келісті.

Іс материалдарын зерттеп сот партисипативтік келісім бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі