Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі қарсаңында Астана қалалық соты сот қоғамдастығының, соттар қызметінің жұмысын үздік көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс жариялайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конкурстың негізгі мақсаты – БАҚ-тарда сот билігінің қызметінің толық, объективті және бейтарап жария етілуі, сот реформасының сот билігінің мәртебесін арттырудағы орны, соттардың тәуелсіздігі мен дербестігін нығайту, судьялардың мәртебесін көтеру, бұқара халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау және сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Конкурстың номинациялары:

Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

а) соттардың қызметі, сот органдарының қауымдастығы жайында баспасөз және электронды БАҚ-тарда (интернет ресурстар) жарияланған үздік мақалалар (мақалалар жиынтығы).

б) соттардың қызметі, сот органы қауымдастығы жайында ең үздік сюжет теле-, радио бағдарламалары.

в) Астана қалалық сотының аппарат қызметкерлері мен судьялары жайында «Сот қызметін жазуда белсенділік танытқаны үшін» арнайы жүлде.

Конкурсты өткізу ережелері

Конкурсқа Астана қалалық соттарының сот төрелігін жүзеге асыру, сот билігі мен қызметі жайында халықты ақпараттандыру, халықтың сотқа деген сенімін нығайту және қоғамдық шиленіс тудырған сот істерін құқықтық тұрғыда шешудің жолдарын көздейтін материалдар ұсына алады.

Конкурсқа облыстық, аудандық Бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз бен теле-, радио және интернет ресурстарда Қазақстан Республикасындағы сот жүйесіне қатысты 2015 жылдың қаңтар мен маусым аралығында жарияланған материалдар ұсынылады.

Өтінішке қосымша ретінде автор материалы жарияланған газет немесе журнал, теле,- радио бағдарламаларды (сұқбат, хабарлама, түсініктеме, бейнефильм басқа да жанрлар бойынша телевизия және радио бағдарламаларды) түпнұсқада немесе редакциялық баспа куәландырған көшірмеде, сондай-ақ электрондық нұсқада (CD-дискіде) ұсына алады.

Материалды журналистер, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің, газет-журналдардың редакторлар кеңесі ұсынады. Мақалалардың жарияланғанын бас редактор нақтылайды және талапқа сай рәсімделуі қажет.

Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Материалда (аудио, бейне, диск, басылым түрінде), автор жайында (аты-жөні, тегі, жұмыс орны, жұмыс телефоны, үй және ұялы телефоны) толық мәліметпен 2015 жылдың 15 мауысымына дейін Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне өткізілуі тиіс. (Астана қаласы, Сауран 32, телефондар: +7 (7172) 55-24-09, электрондық пошта - 717-0437@sud.kz).  

Жеңімпаздар жайында нәтиже Астана қалалық сотының төрағасының қатысуымен өтетін Астана қалалық сотының Судьялар одағының жиналысында анықталады.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі