Архив событий

30/01/2015

Жол көлік оқиғасына қатысты кезекті іс бойынша үкім жарияланды

30/01/2015

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алкогольді мас күйінде жол көлік оқиғасы нәтижесінде адам өліміне әкеліп соққан, азамат Б.-ға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, былтырғы жылдың 29 қазанында құқық бұзушы мас күйінде көлік басқарып келе жатып, «Фольксваген Гольф» автокөлігімен соққыға ұшыраған.

Жол көлік оқиғасы нәтижесінде 26-жасар көлік жүргізушісі дене жарақаттары салдарынан апат орын алған жерде көз жұмды.