Архив событий

13/01/2015

Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің (ТМРА) бұрынғы басшысы Мұрат Оспановқа қатысты қылмыстық істің қаралуы жалғасуда

13/01/2015

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотында ТМРА-ның бұрынғы төрағасы М.Оспановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жүргізілуде.

Ескерте кетсек, Мұрат Оспановқа қатысты сот талқылауы 2014 жылдың 11 қарашасынан басталып жалғасуда.  М.Оспанов ҚР ҚК-нің 31  бабының 5 бөлігі бойынша, аса ірі көлемде пара алғандығы үшін айыпталуда.

12 қаңтар  2015 жылы аталмыш іс бойынша үш куәгер сотта сұралды.

KFC компаниясын бопсалау туралы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалды

13/01/2015

Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-тің 181 бабының 4-бөлігінің «б» тармақшасымен қарастырылған қылмысты жасаған азамат С.-ті айыптау бойынша қылмыстық істің қаралу сатысы басталды.