Архив событий

20/01/2015

«Салық берешектерін өндіріп алу мәселелері бойынша салық қызметтерінің жүгінуі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел

20/01/2015

2015 жылғы 20 қаңтарда Есіл аудандық сотында салық берешектері бойынша орындалуға арналған сот бұйрықтарын уақтылы қарастыру және жіберу тақырыбына дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек үстелге Есіл ауданы прокурорының көмекшісі А. Күреңкей, мемлекеттік кіріс басқармасы бөлімінің бастығы, Есіл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қатысты.

Өткен жылы салық берешектері бойынша сот бұйрықтарының қабылдануы және уақтылы шығарылуы проблема туғызбағаны атап өтілді.  Осында жүйелі және жедел жұмысты осы жылы да жалғастыру қажет.

Сот әкелік құқығынан айыру түрінде шешім шығарды

20/01/2015

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың әкесін ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.

 Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау барасында сотпен жауапкердің өз еркімен кәмелеттік жасқа толмаған ұл баласын бағып-қағу бойынша тікелей ата-аналық құқығынан жалтарғандығы анықталды. Талапкер жауапкерден ұлын бағуға алиментті сот тәртібімен өндіруге мәжбүр болған. 2008 жылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүрген жауапкерді сот орындаушысы таба алмаған.

Бұзақы жолаушының мінез-құлқы

20/01/2015

Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 320 бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған  Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің материалдары бойынша Г. атты Өзбекстан азаматы Астананың халықаралық әуежайында «Астана-Ташкент» халықаралық әуе сапарын рәсімдеу барысында бұзақы жолаушы ретінде сапардан түсіріп алынды.

Көлік құралына салық төлеуден жалтарудың салдары

20/01/2015

Астана қаласы Алматы аудандық сотымен «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша Салық басқармасы» ММ-нің азамат Ф.-ға қарызды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.   

Жауапкер Ф. «ВАЗ 2103» маркалы автокөлігінің иесі бола тұра, көлік құралына салық төлеуден жалтарған. Нәтижесінде жауапкердің Салық Комитетінің алдында қарыз соммасы жиналған.