Архив событий

27/01/2015

Сотта жақтар бейбіт келісімге келді

27/01/2015

Астана қаласы Алматы аудандық соты талапкер М.-нің жауапкерлер А., Д.-ға ар-намысты және іскерлік беделді қорғау, моральдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. 

Талапкер өзінің талап арызын жауапкерлердің іс-әрекеті негізінде іскерлік беделіне әсерін тигізетін құқығының бұзылғандығымен байланыстырды. Соттан Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының сайтында өзінің ар-намысына нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды жауапкерлерге міндеттеуді  сұрады.