Архив событий

23/01/2015

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының жаңа енгізілімдері

23/01/2015

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасының аясында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Есірткі сатушыға қатысты үкім шығарылды

23/01/2015

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 259 бабының 3 бөлігінің «в» тармақшасымен сотқа берілген К.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сотпен азамат К-нің шартты сатып алушыға аса ірі көлемде есірткі затын сатқаны анықталды.

Сот талқылауында сотталушы кінәсін жартылай мойындап, бұрын есірткі затын қабылдағанын және ол героинді сатпағанын, тек азамат Т.-ң есірткіні сатып алуына өзінің көмек бергенін айтып ақталды.

Алаяқ сотталды

23/01/2015

Астана қаласының Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 177 бабының 2-бөлігі «б» тармақшасымен сотқа берілген М. атты азаматқа қатысты үкім шығарды.

Сот талқылауы барысында азамат М.-нің «Астана қаласының авто шаруашылық әкімшілігі» ЖШС-нің жүргізушісі қызметін атқара жүріп, әкімшілік жұмыскерлеріне жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер бөлу мен оларды жекешелендіру сұрақтарын шешуде көмек беретінін жеткізген.