Билетсіз жолаушыны тасудың салдары сөгіспен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Сарыарқа аудандық сотында талапкер азамат А.-ның жауапкер «Северный» жолаушылар тасымалдау аймақтық филиалы «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-на сөгіс жариялау түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бүйрығын заңсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер «Северный» жолаушылар тасымалдау аймақтық филиалы «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-ның қызметкері болып табылады.  Ол билетсіз 1 жолаушыны тасымалдағаны үшін сөгіс жариялау түріндегі тәртіптік жауапкершілікке бұйрық негізінде тартылған.

Сот отырысы барысында талапкердің Шар бекетінен Аягөз бекетіне дейін бағыт алған билетсіз 1 жолаушыны тасығандығын анықтаған комиссия тұжырымы өз айғағын тапты. Нәтижесінде билетсіз мінген жолаушыдан  900 теңгені ЛУ-9В құрайтын тариф түбіртегі өндірілген.

Осыған орай, сот шешімімен жұмыс берушінің заңды іс-әрекеттері орнатылып, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

 

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі