Астанада әйел адам GreenMart-тан сотты жеңіп шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана тұрғыны «GreenMart» сауда үйіне кіріп келе жатқанда құлап, «мұрын қалқаларының жабық сынуы» түрінде жарақат алған.

Оқиға болған жерге шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем келген. Қалалық емхананың тамақ-мұрын емдеу бөлімшесінің анықтамасына сәйкес емделушіге жансыздандыру екпесінен кейін жедел емдеу ұсынылған.

Жауапкер талапкерге жанжалды реттеу мақсатында 30 000 теңге сомасында азық-түлік кәрзеңкесін ұсынған, одан талапкер бас тартқан.

Астана қаласының Алматы аудандық соты «GreenMart» сауда орталығы» ЖШС-нен 5 000 теңге мөлшерінде материалдық залалды, 150 000 теңге моральдық зиян сомасын өндіріп ала отырып, талап арызды жартылай қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі