Сот сарапшыларына қатысты жалған қорытынды шығару фактісі бойынша іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жалған қорытынды шығару фактісі бойынша Астана қаласы сот сараптамалары институтының сарапшыларына қатысты үкім шықты. (ҚК-нің 420-бабы 1-бөлігі).

Сотта анықталғаны:

2016 жылы Д. (жәбірленуші) мен ЖК арасында дүкенге қосымша құрылысты бұзу фактісі бойынша дау туындады.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша Д. өз есебінен қосымша құрылысты 9,7 млн. теңгеге бұзған.

Әрі қарай, сот шешімімен ЖК-ден Д.-ның пайдасына 9,7 млн. теңге өндірілді.

Қарағанды облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қосымша сараптама тағайындады.   

Сарапшылар Б. және К. сметалық құжаттама бойынша ғимаратты бөлшектеу кезінде орындалған жұмыстардың нақты құны 3,2 млн. теңге мөлшерінде деп анықтады.

Сотта сарапшылар локальді смета және объектінің техникалық паспорты бойынша сараптама жүргізу мүмкіндігі туралы айтты.

Кейін ауданаралық сот қосымша сараптама тағайындады.

Сарапшының 2024 жылғы 6 наурыздағы қорытындысымен 3,2 млн.теңгені бөлшектеу құнын айқындау туралы сарапшылардың қорытындысы расталды.

«А» ЖШС локальді сметасында бағаның көтерілуі және көлік шығындарының қосарлы есебі бар екені анықталды.

Сот үкімі:

Осы баптың санкциясы 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сотта сарапшылар Б. және К. ғимаратты бөлшектеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын дұрыс есептегені, қымбат бағада әрі қосарлана есептелгені анықталды.

Көрінеу жалған қорытынды фактілерді қасақана бұрмалауда немесе олар туралы тіл қатпау немесе зерттеуге ұсынылған дәлелдер бойынша жасалған жалған қорытындыларда білдірілуі мүмкін.

2024 жылғы 27 наурыздағы сот үкімімен Б. және К. ҚК 420-бабының 1-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылды және олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

ҚПК-нің 39-бабының талаптарына сәйкес, Б.және К. заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту салдарынан келтірілген зиянды өтеткізу құқығы бар екендігі айтылды.

ҚПК-нің 41-бабының талаптарына сәйкес, сот Б.және К.-ке келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұралды.

 

 

 

Источник: 
Межрайонный суд по уголовным делам города Астаны