Архив событий

14/03/2024

«Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

14/03/2024

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы  деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Аталған шараға экономикалық соттың төрағасы Ж.Жетібаев, судья А.Жакупов, мемлекеттік органдардың, және Бас әскери басқарманың өкілдері қатысты.

Қатысушылар  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюларды  қарау  кезінде туындайтын мәселелер, сонымен қатар  істерді аумақтық соттылық  бойынша жолдау туралы сұрақтарды талқылады.

Неке-отбасы қатынастары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

14/03/2024

Астана қалалық сотында «Қоғамдағы ынтымақтастық неке-отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік дағдарыстардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету тәсілі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – судьялар, медиаторлар, психологтар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ отбасы және балалар – ата-аналар қатынастары жөніндегі мамандар ювеналды сот жұмысындағы жаңа тәсілдерді талқылады.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған елорда тұрғындарына қатысты үкім заңды күшіне енді

14/03/2024

2023 жылғы 27 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелмеген, мұндай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, аса ірі мөлшерде кіріс алу фактісі бойынша (ҚК 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы) К. және С. сотталған.