Архив событий

20/03/2024

Мердігердің міндеттемелерді тиісінше орындамауы

20/03/2024

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тапсырыс берушінің шартты бұзу, төленген соманы және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабы бойынша істі қарады.

Тараптар 3 ұңғыманы бұрғылауға шарт жасасып, 11 млн.теңгеден астам сомада алдын ала төлем жүргізілді. Жұмыстарды орындау мерзімі 30 күнтізбелік күн, яғни, 2023 жылғы 4 қыркүйекке дейін деп белгіленді.

Жауапкер қарсы талап-арызбен орындалған жұмыстардың актілерін жарамды деп тануды және қалған 6 млн.теңге сомада берешегін өндіріп алуды сұрады.

Қ. Сатыбалдыұлына қатысты іс бойынша басты сот талқылауының күні белгіленді

20/03/2024

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, сотқа Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты іс келіп түсті.

Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылды (ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).

Басты сот талқылауы 2024 жылғы 1 сәуір сағат 10.00-ге тағайындалды.

Орын алған жазатайым оқиға байланысты сотта жұмыс берушінің кінәсі расталды

20/03/2024

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін өзгеріссіз қалдырды (арнайы тергеп-тексеру актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы, сондай-ақ жазатайым оқиғаға қайта арнайы тергеп-тексеру жүргізу міндеттемесі туралы).

Істің мән-жайларынан 2023 жылғы 12 қазанда Астана қаласында ЖК-нің құрылыс объектісінде төрт қызметкерінің биіктіктен құлауы орын алған.

Басқарманың бұйрығымен жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия тағайындалды.

Сот А.-ға билікті асыра пайдаланғаны үшін үкім шығарды

20/03/2024

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. «Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті.

Тараптардың ұстанымы