Архив событий

12/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды

12/03/2024

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.   

Қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін Қ.Бишімбаев істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат білдірді. Сот айыпталушының алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сондай-ақ, сот ашық режимде өтетіні анықталды.

Басты сот талқылауы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10.00 тағайындалды.