Қызметкердің құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түгендеу жүргізу актісі бойынша шетелдік компанияның филиалында 13 млн. теңгеден астам жетіспеушілік анықталды.

Келісім комиссиясы компанияның өтінішін негізді деп танып, жауапкерге келтірілген шығынды ерікті түрде өтеуге ұсыным берді.

Сотта Еңбек кодексінің 120-бабында зиянды өтеу жөніндегі міндеттерді жүктеу үшін үш негізгі белгінің болуы қажеттігі: зиян келтіру, адамның кінәсі, зиянның туындауы мен кінәлі адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) арасындағы себеп-салдарлық байланыс көзделген.

Аталған негіздердің кем дегенде біреуінің болмауы зиянды өтеу жөніндегі міндеттерді жүктеуді болдырмайды.

Талапкер түгендеу жүргізу туралы актіні, жауапкердің қолы қойылмаған 4 млн. теңгеден астам сомаға тауардың жетіспеуі туралы айналым-сальдо парағын ғана ұсынған.

Сот жауапкердің кінәлі емес екендігін және жауапкердің іс-әрекеті мен келтірілген шығын арасындағы себеп-салдарлық байланыс дәлелденбеген деп санады.

Апелляциялық алқаның қаулысымен бірінші инстанция шешімі өзгеріссіз қалдырылды.        

 

 

 

  

 

 

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі