Судьялар 2024 жылдың I тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында 2024 жылдың үш айындағы Астана қаласының МАӘС жұмысының қорытындыларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Руслан Мәжитов статистикалық мәліметтерді келтіріп, әкімшілік талап-арыздарды қайтарудың себептері мен негіздеріне тоқталды.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев сот актілерін түзету себептерін атап өтті. Судьялар істің мән-жайын толық көлемде анықтамай, қолданыстағы заңнаманың нормаларын дұрыс қолданбау себебінен негізсіз сот актілерін шығаруға алып келеді.

Сонымен қатар, сот төрелігін жүзеге асыру сапасының жақсаруы, бейбіт жолмен аяқталған істердің ұлғаюы, ақшалай өндіріп алу институтын белсенді қолдану және жеке ұйғарымдар шығарудағы оң өзгерістер атап өтілді.

Алқа төрағасы сот медиациясының артықшылықтарына тоқталып, судьяларды азаматтар мен кәсіпкерлердің әкімшілік органдармен татуласуына ықпал етуге шақырды.

Сондай-ақ, алқа төрағасы істерді қарау кезінде әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарының маңызы мен рөлін және оларды мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша судьяларға сот практикасының біркелкілігін сақтау үшін жоғары сатыдағы сот актілерін тұрақты негізде зерделеу, өзін-өзі дамытумен айналысу, әкімшілік соттың қызметін жариялау жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.     

 

Источник: 
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты