Архив событий

22/04/2024

Елорданың қалалық сотында алғаш рет аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын сайлау өткізілді

22/04/2024

2023 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық соттардың төрағаларын сайлау бойынша жаңа механизмді енгізуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Бұл механизм аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған адамдар арасынан Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жүзеге асырады.