«Life is good» қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны үшін Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).

Айыптаудың мәні

2019 жылы Т. жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай кіріс алу мақсатында «Hermes Ltd» өнімі бойынша «Life is good» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.

Т. бағдарлама салымшыларынан қаражат тарту мақсатында ай сайын салымшыларға сыйақы беруге уәде берген.

Осылайша, Т. жалпы сомасы 158 млн.теңгеден асатын 17 азаматтың қаражатын тартты.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор айыпты қолдап, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Залалдың өтелуіне байланысты барлық жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімі

ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (03.07.17ж. бұр.ред.) 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот кәмелетке толмаған балалардың болуын, кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген мүліктік залалдың ерікті түрде өтелуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Айыпталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, ЖТӘ нәтижелерімен, заттарды тексеру хаттамасымен, банктің үзінді көшірмелерімен және маманның қорытындысымен дәлелденді.

Жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, сот ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша Т.-ны кінәлі деп таныды және 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза 5 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты деп танылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты