Архив событий

03/04/2024

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды

03/04/2024

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Ш.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Ш. көлікте болған кезде К.-ны қорлап, оған құрметсіздік көрсеткен.

Ш.-мен бірге тұратын жәбірленуші К. мас күйінде болғанын және олардың арасында қызғаныштың кесірінен келіспеушіліктер орын алғанын айтты. Осыдан кейін Ш. көлігін жол жиегіне тоқтатып, К.-ні көліктен итеріп түсіріп кеткен.

Дәрігердің науқасқа қатысты ар намысты қорғау туралы талабы

03/04/2024

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты С-ның. Т.-ға қатысты ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау және 1 млн.теңге сомасында моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша істі қарады.

Талапкердің талаптары жауапкердің «Instagram» желісінде таратқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығына негізделген.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады.