Астана қаласының МАӘС судьяларымен кезекті семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында елордалық әкімшілік соттың судьяларына арналған ӘРПК нормаларын іс жүзінде қолдану бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот актілерін түзетудің себептері мен негіздері талқыланды.

Алқа судьясы Мараш Манабаева бірінші сатыдағы судьялардың назарын соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыруға және істің мән-жайын жан-жақты зерттеу қажеттілігіне аударды.

Судья Ержан Сиюбаев сот практикасының біркелкілігін сақтау қажеттігін атап өтті.

Семинар барысында судьялар құқық қолданудың  мәселелерін талқылап, жария-құқықтық дауларды қарау кезінде ӘРПК қағидаттарын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне тоқталды.

Айта кетейік, Астана қалалық соты тарапынан дұрыс құқық қолдану және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мәселелерін шешу бойынша бірінші сатыдағы судьялармен тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

 

Источник: 
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты