Архив событий

31/01/2018

Ер адам эвакуатордың көмегімен бөтеннің автокөлігін ұрлаған

31/01/2018

2015 жылдың наурызында Д. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, оның қылмыстық ниеті туралы сезіктенбеген эвакуатордың жүргізушісімен алдын ала келісіп,  эвакуатордың көмегімен «Mersedes-Bens»  маркалы автокөлігі тұрғылықты орнынан алып кеткен.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының   үкімімен Д.  ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, әрі оған 2 жыл 3 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша кездесу

31/01/2018

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі     Э.Жаңабаева «Қызылжар-СК» коммуналдық ұйымының өкілдері үшін «Электрондық сенімхат» қызмет көрсетуі туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Семинар барысында осы қызметтің барлық мүмкіндіктері көрнекі таныстырылды. Электрондық сенімхат бір іс шеңберінде беріледі, сенімхаттың жарамдылық мерзімі сот актісінің заңды күшіне ие болу және құжатты орындау үшін беру мерзімімен шектеулі екенін атап өтті.

Ойыншық тапаншаның көмегімен ер адам гүлдер сататын дүкенді тонамақ болған

31/01/2018

2017 жылғы гүлдер сататын дүкенді тонау мақсатымен, ер адам қалтасынан ойыншық тапаншаны алып,  оны сатушыға тақаған, әрі одан 16 000 теңге мөлшерінде ақша талап еткен.

Алайда, гүлдер дүкенінің сатушысы дабыл жүйесін басып үлгерген, осыдан кейін тонаушы оқиға орнынан бой тасалаған. 

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының   үкімімен ер адам ҚК-нің 24-бабы, 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылған, әрі сот оған 4 жыл бас бостандығынан  шектеу түрінде жаза тағайындаған.

Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өтті

31/01/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға қалалық сот судьялары Ақтайлақов К.А., Айтқалиева К.Т., Омарбекова М.Ж., сот төрағасы және судьялар қатысты.

Сот борышкерден қарыз сомасын өндіріп алды

31/01/2018

Аз. Ж. Астана қаласы Есіл аудандық сотына борышкер аз.А-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

2016 жылғы қарашада аз. Ж. 4 500 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай қаражатты аз. А-ға берген, ол туралы қарыз алушының өз қолымен жазған қолхаты да бар.

Пәтер иесі су басып кеткеннен кейін материалдық зиянды өндіріп алды

31/01/2018

Астана қаласы Есіл аудандық сотына Астана қаласының тұрғыны көршісінен материалдық зиянды өндіріп алу туралы арызбен жүгінген.

2017 жылғы 15 шілдеде жуыну бөлмесінде су жабдықтайтын кранды ашық қалдыру салдарынан пәтерді су басқан, нәтижесінде софиталар, төбе галтельдері, пәтердегі тұсқағаздар бүлінген.

Сот шешімімен материалдық зиян және сот шығыстары жәбірленушінің пайдасына өндіріп алынған.

Шешім заңды күшіне енген.

Науқас стоматологиялық клиникадан моральдық және материалдық зиянды өндіріп алды

31/01/2018

Стоматологиялық клиниканың бұрынғы науқасы Астана қаласы Есіл аудандық сотына «D» ЖШС-на материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

2016 жылғы 25 қарашада аз. Р. «D» ЖШС-ның стоматологиялық клиникасына тісін емдету үшін барған. Алайда науқасқа тиісті түрде медициналық қызмет көрсетілмеген, бұл клиниканың салғырттығын танытты.  

Автокөлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жауаптылық

31/01/2018

2017 жылғы желтоқсанда ер адам, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, алкогольдік масаң күйде болып, «БМВ» маркалы автокөлігін басқарған және оны астанадағы көшелердің бірінде полиция қызметкерлері ұстаған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының   үкімімен құқық бұзушы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, әрі сот оған 150 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тараптардың бітімгершілік келісімі

31/01/2018

Астаналық тұрғын сотқа бұрынғы жұбайына мүлікті бөлу туралы арызбен жүгінген.

Сот отырысының талқылауы барысында тараптар бітімгершілік келісімін жасады.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының ұйғарымымен бітімгершілік келсім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген.