Архив событий

11/01/2018

Қоғамдық орынды бұзу туралы қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

11/01/2018

2017 жылғы 01 желтоқсанда таңғы 05 00 сағатта  С. алкогольдік масаң күйінде болып, қасақана тұрақтағы «Рено-Сандеро» маркалы автокөлігімен соққы жасаған.

Өзінің қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушіге 200 000 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Одан басқа, соққыдан автокөліктің дабыл жүйесінің дауысы қатты ойнап, сол үйде тұрып жатқан адамдардың мазасын алған.  

Сатушы тауар сомасын қайтарып алды және моральдық зиянды өндіріп алды

11/01/2018

Аз. К. Астана қаласы Есіл аудандық сотына «М» ЖШС-на ақшалай қаражатты қайтару және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

2017 жылғы 13 тамызда сатып алушы дүкеннен тумба сатып алған, бұл тауар чегімен расталады.

2017 жылғы 24 тамызда талапкер дүкен әкімшілігіне тауарды кері қайтаруын жүргізуді және төленген ақшаны қайтып беруді өтініп жүгінген.

Дүкен әкімшілігі тауарды қабылдаған, алайда ақшалай қаражат қайтарылмаған.

Шетелдік азамат сот шешімін орындамағаны үшін сотталды

11/01/2018

2017 жылғы желтоқсанда көші-қон полициясы қызметкерлері Армения Республикасы азаматын ұстаған, ол сол жылдың мамыр айында Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарыла отырып, ҚР ӘҚБтК 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Темекі тұқылын тастағаны үшін айыппұл

11/01/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты темекі тұқылын тастаған М-ға қатысты  әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы өзінің іс-әрекетімен айналадағы адамдарға сыйламаушылық танытып, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен азамат М.  ӘҚБтК-нің 434- бабының 1- бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамнан материалдық зиян сомасы өндіріп алынды

11/01/2018

Аз. Д.  аз. Л.-ға  ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді .

2016 жылғы 14 қарашада аз. Л. автокөлігін басқарып келе жатып және жол және метеорологиялық жағдайды ескерместен, аз Д.-ға тиесілі тұрған автокөлікке келіп соқтығысқан.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аз. Л. ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Гашиты сақтағаны үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмыс

11/01/2018

Полиция қызметкерлері азамат Е-ні қарап-тексеру барысында есірткі заты- гашиш орамасын тапқан.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен Е. ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған және сот оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту туралы жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұрлық үшін жауаптылық

11/01/2018

2017 жылғы қыркүйекте К., астаналық сауда үйлерінің бірінде, сауда үйіне келушілердің бірінің жанына келіп, өзінің әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына анық көзі жетіп,  «Самсунг S7»  маркалы ұялы телефонын жасырын  ұрлаған.  

Астана қаласы Алматы ауданы №2 ауданық сотының үкімімен К. ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, оған 1 жыл 2 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген.

Үш өзара таныс адамдар мектеп нысанды киім дүкенін тонаған

11/01/2018

2017 жылғы қазанда, үш таныс алдын ала сөз байласып, заңсыз мектеп нысанды киім дүкеніне кіріп, ақшалай қаражаттарды, киімдерді қолды қылған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 ауданық сотының үкімімен тонаушылар ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған, сот әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаған.

Үкім заңды күшіне енген.

Сот шешімін орындамау

11/01/2018

«S» ЖШС Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  «СД» ЖШС пайдасына 15  млн теңгеден астам мөлшерде берешек сомасын өндіріп алу туралы шешімін орындамаған.  

Атқарушылық округының жеке сот орындаушысы «S» ЖШС директорына сот шешімін орындау қажеттілігі туралы хабарламаны берген, алайда, сот шешімі орындалмай отыр. 

Аудио-бейнежазбаны қолдану

11/01/2018

Астана қаласы Есіл аудандық сотында соттың кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен: «АБЖ жүйесін қолдану»  тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар  сот процесінің аудио-бейнежазба жүйесін қолдану барысында туындайтын  және сот отырысының уақтылы басталу мәселелерін талқылады.