Архив событий

03/01/2018

Сот жылумен жабдықтау қызметі бойынша қарызды өндірді

03/01/2018

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жылу» МКК елордалық тұрғынмен жария шарты негізінде жылумен жабдықтау қызметін ұсыну бойынша шарт жасасқан.

Шартқа сәйкес, орындаушы тапсырыс берушінің тұратын пәтеріне жылу беру қызметін жүргізген.

Алайда жауапкер көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемеген, соның салдарынан онда мекемеге алдында берешек қарызы пайда болған.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден қарыз сомасын өндірді.

Сот еңбек қызметі фактісін анықтады

03/01/2018

1978 жылы И. өз еңбек жолын ауруханада медбике ретінде бастаған.

Кейін, 1985 жылдың қарашасынан бастап, 1991 жылдың қазан айына дейін балабақшада медбике болып істеген.

Көрсетілген факт арыз берушінің еңбек кітапшасының көшірмесінен көрінген, оның түпнұсқасы жоғалған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды,  еңбек қызметі фактісін белгіледі.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жалған науқас парағы

03/01/2018

Т. екі аптадан астам уақыт себепсіз жұмыста болмаған,  әрі астаналық емханалардың бірінен, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы жалған науқас парағын алып, оны жұмыс берушіге берген.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  Т. ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, әрі оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде  жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген.

Сот уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны өндірді

03/01/2018

2015 жылғы қаңтарда жұмыс берушінің бұйрығымен жұмысшымен уақытша жұмысқа жарамсызыдығының салдарынан екі айдан астам уақыт келмеуіне байланысты еңбек қатынастары тоқтатылған.

Бұл ретте, жұмыс берушіге уақытша жұмысқа жарамсыздығы  бойынша заңды күші сақталған парақтың берілуіне қарамастан,  уақытша жұмысқа жарамсыздығы кезеңі ішінде әлеуметтік жәрдемақы төлеуден бас тартқан.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды, бұрынғы жұмыскердің пайдасына әлеуметтік жәрдемақыны өндірі. 

Мас күйде автокөлікті жүргізгені үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

03/01/2018

2017 жылдың тамыз айында азамат А., көлік құралын жүргізу құқығынан айрылғанына қарамастан, мас күйінде «Toyota Carina» көлік құралын жүргізіп келе жатып, көше бойындағы жарық бағанасына соғылған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен  сотталушы ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды және оған 150 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту және 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Алаяқ пәтерді бір тәулікке жалға алып, оны бір айға тапсырған

03/01/2018

2017 жылғы тамызда  Ж., сим карта сатып алып, пәтерді бір тәулікке жалға алып, кейін бір айға тапсырып отыру үшін, пәтерлер іздей бастаған.

Пәтер тауап алып, тәулігіне 8000 теңгеге жалға алуға ауызша келіскен. Одан кейін, бірден 1 бөлмелі пәтерді 100 000 теңгеге жалға беру туралы хабарландыру берген.

Осыдан кейін ол пәтерді үшінші адамға бір айға 100 000 теңгеге жалға берген.    

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды

03/01/2018

2017 жылы қыркүйек айында «Жамбыл облысы Ішкі Істер Департаменті» ММ-і мен жеке кәсіпкердің арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Шарт негізінде жауапкер 16 күн ішінде бояу жеткізу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды.

Алайда қазіргі уақытқа дейін тауар қойылмаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп таныды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Алғыс хат

03/01/2018

Айтмагамбетова К.Г. аты азаматша Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлеріне жұмысты орындау барысындағы жедел және сапалы әрекеттері үшін алғысын білдірді.

Өзінің хатында Айтмагамбетова К.Г. ұжымға зор денсаулық, өркендеп және гүлденуін тіледі.

Сот жұмыскердің құқығын қорғады

03/01/2018

Ер адам елордалық компаниялардың бірінде электр маманы ретінде қызмет атқарған.

Алайда жұмыс барысында кәсіпорынның жұмыскер алдында еңбекақы бойынша берешегі пайда болған.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мекемеден талапкер пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Ер адам массажисті тонаған

03/01/2018

2017 жылғы тамызда астаналық тұрғын, хабарландыруда көрсетілген телефон нөмірі бойынша массаж қызметін көрсететін, жәбірленуші Б-мен алдын ала хабарласып, жәбірленушінің үйіне барған.

Бұдан әрі, ол жәбірленушінің өміріне қауіп төндірмеген зорлық-зомбылық көрсете отырып, қорқытып, ашық түрде оған тиесілі 100 000 теңгені қолды қылған.

Астанаэнергосбыт тұтынушыны сотта жеңіп шықты

03/01/2018

«Астанаэнергосбыт» ЖШС «Б» ЖШС-на пайдаланған электр энергиясы үшін берешекті өндіріп алу туралы  сотқа жүгінген.

Сот талқылауының барысында анықталғандай, 2013 жылы компаниялар арасында Энергиямен жабдықтау шарты жасалған.

Энергиямен жабдықтау шартына сәйкес, энергиямен жабдықтайтын ұйым қосылған желі арқылы энергия беруге, ал абонент қабылданған энергия үшін төлемақы жасауға міндеттелінген. Алайда, жауапкерде энергиямен жабдықтайтын ұйым алдында берешегі пайда болған.

Сот берешек сомасын өндіріп алды

03/01/2018

2015 жылы  акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында қызмет көрсету шарты жасалған.

Шарттың талаптарына сәйкес талапкер контейнерлерді арту және контейнерлерді тасымалдау үшін вагондар беру қызмет көрсетуін ұсынуға, ал жауапкер көрсетілген қызмет үшін уақтылы және толық мөлшерде төлем жасауға міндеттелінген.

Алайда, жауапкердің, шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындамауына байланысты, талапкер алдында берешегі пайда болған.

Үлестік жарнаны қайтару

03/01/2018

2016 жылдың соңында азамат Г. мен «Т» атты азаматтарының тұтынушылар кооперативі арасында үлестік жарна және кіріс ақысы туралы келісім жасалды.

Келісім шеңберінде талапкер тұтынушылар кооперативіне кіріс жарнасын және кіріс ақысын енгізді, жауапкер өз кезегінде талапкерге жылжымайтын мүлікті сатып алуға міндеттенді.

Келісім-шарттың мерзімі бір жыл болғанына қарамастан, жауапкер жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

Көрші материалдық зиянды өтейді

03/01/2018

2017 жылғы тамызда әйел адам өзінің «ChevroletCobalt» маркалы автокөлігінің сол жақ шынысының төменгі сол жақ бөлігінің жарық екенін анықтаған. Камерадағы жазбадан бұл зиянды көршісі келтіргені анықталды.

Осыған байланысты талапкер полицияға жауапкердің материалдық шығысты өтеуі туралы жүгінген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Сот мұрагерлікті қабылдау мерзімін қайта қалпына келтірді

03/01/2018

Астаналық тұрғын, сотқа өз талаптарын 2011 жылы оның жұбайы қайтыс болуымен, қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік мүліктер қалуымен уәжделеген.

Осы талап арызбен жүгінуіне бірінші кезекте мұрагер болып табылатын, оған және олардың үш кәмелетке толмаған балалары үшін мұрагерлікті ресімдеуі негіз болған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды,  мұрагерлікті қабылдау мерзімін қайта қалпына келтірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Екі таныс спорт тауарларын жымқырған

03/01/2018

2017 жылғы қыркүйекте екі таныс, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға бағытталған, қылмыстық ниет ойластырған.   

Ойларын іске асырмақ болып, сол күні олар «Спортмастер» дүкеніне келген, әрі әрекеттерін ешкім бақыламағандарына көздері жетіп, спорттық тауарларды ұрлаған.

Алайда, олар дүкен қызметкелерімен оқиға орнында ұсталған.

Сот еңбекақысы бойынша берешек сомасын өндіріп алды

03/01/2018

2017 жылғы қыркүйекте астаналық тұрғын еңбек шартының негізінде сатушы-кассир болып жұмысқа қабылданған.

Компанияда бір ай жұмыс істеп, астаналық тұрғын еңбек ақысын толық алмаған.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.