Архив событий

24/01/2018

Әкімшілік сот судьясы семинарға қатысты

24/01/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы У.К. Сүлейменова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі РММ-нің: «Әлеуметтік-еңбек саласы мамандарының біліктіліктерін арттыру курсы» тақырыбында өткен семинарға қатысты.

Сүлейменова У.К. «Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы инспекторлары тексеріс өткізу кезінде ӘҚБтК-нің нормаларын қолдануындағы ерекшеліктер» тақырыбына баяндама жасады. 

Сотты құрметтеу көрінісінің алдын алу

24/01/2018

Астана қаласы Есіл аудандық сотында төраға Р. Мәжитовтің, судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен: «Сот құрметтеудің алдын алу» тақырыбына семинар өтті.

Семинар барысында сот төрағасы судьялар тәуеліз және Конституцияға мен заңдарға ғана бағынысты, судьялардың мәртебелері мен тәуелсіздіктеріне зиян келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, сотқа немесе судьяға құрметтеушілік таныту, сот актілерінің талаптарын орындамау заңмен жауаптылыққа әкеп соғатынын тілге тиек етті.

Клинингтік қызмет көрсетулер үшін сот шығыс сомаларын өндіріп алған

24/01/2018

Аз. Т. Астана қаласы Алматы аудандық сотына аз П-дан материалдық зиянды өнідіріп алу туралы жүгінген.

Сотта анықталғандай, талапкер мемлекеттік бағдарлама бойынша сатып алған жаңа пәтерін 2017 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімге шарт жасай отырып, жауапкерге жалға берген.

2017 жылғы 12 маусымда жауапкер пәтерден жылдам көшіп кеткен.

Пәтерді қарау кезінде талапкер қанадала анықтаған, талапкер одан кейін жауапкерді шақырған, бірақ ол бас тартқан.

Жұбайлардың татуласуы

24/01/2018

Астана қаласы  Есіл аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың неке бұзу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер неке бұзу туралы сұраған, ол жауапкердің оған үй шаруасында көмектеспейтінін, сондықтан отбасын сақтау мүмкін емес екенін айтқан, бірге жинақтаған мүлкін бөлу және балалардың тұрғылықты мекенжайлары туралы араларында дау жоқ.

Сот отырысында тараптар медиативтік келісім жасаған және оны соттан бекітуін сұраған.

Азық-түлік жеткізуші кәсіпорын банкрот деп танылды

24/01/2018

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ  «Барселона-БВ» ЖШС-ын банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

ЖШС қызметінің негізгі түрі мейрамханалар және азық-түлік  жеткізу бойынша қызмет көрсету болып табылады.

Жол көлік оқиғасы жасағаны үшін айыппұл

24/01/2018

2017 жылғы 12 желтоқсанда автокөлікті басқарып келе жатқан А., рөлге ие бола алмай қалып, Ш-ға тиесілі «ВМW» автокөлікке соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жәбірленуші тарапқа материалдық зиян келтірілген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің  610-бабының 1-бөлігіне сәйкес, А. әкімшілік жауаптылыққа тартылды және оған 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалған.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қонақ ұрлық жасады

24/01/2018

2017 жылғы 17 желтоқсанда М. таныстарының үйінде қонақта болып, әрі үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, Г-ның сөмкесінен ақша қаражатын ұрлаған, оларды өз қалауынша жұмсаған.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады, жасағаны үшін өкінді, жәбірленушімен татуласты, медиациялық тәртіпте мүліктік зиянын өтеді.

Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының қаулысымен тараптардың татуласуымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Құрылыс объектісінен аккумулятор ұрлығы

24/01/2018

Екі ер адам қылмыстық сөз байласу арқалы құрылыс объектісінен «Shaanxi» маркалы автомашинаның ішінен 2 дана «Bars» аккумуляторлық батареяларын жасырын ұрлаған.

Процесс барысында тараптар медиативтік келісімге келді, осыған байланысты, тараптардың татуласуына орай, Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.