Архив событий

09/01/2018

Кәсіпорын тауарды уақытша сақтау мерзімін бұзған

09/01/2018

2017 жылғы 14 маусымда Сингапурдан «К» ЖШС атына тауар келген, ол әуежүкқағазы бойынша уақытша сақтауға орналастырылған, алайда бүгінгі уақытта мерзімі өткен.

 «К» ЖШС Кеден одағының кеден заңнамасын  және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тауарды уақытша сақтау мерзімін бұзған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ЖШС-ны ӘҚБтК 541-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты және тауарды тәркілей отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы «Астана» радиосынан сөз сөйледі

09/01/2018

Халық арасында атқарушылық жазба институтын кең ауқымда қолдану және насихаттау мақсатында Сарыарқа аудандық сотының судьясы  Г.Шарапатова «Астана» радиосына сұхбат берді.

Эфир барысында судья 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Нотариат туралы» заңға татуластыру рәсімін өткізуге нотариустың құқықтарын қарастыратын атқарушылық жазбаларды жасау тарауымен толықтырылғанын, яғни жаңарту енгізілгенін айтып өтті.

Мүлік тыйым салудан босатылды

09/01/2018

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты  аз. П-ның «А» ЖШС-на, «Астана қаласы құрылыс басқармасы» ММ-не мүлікті тыйым салудан босату туралы  талап арызы бойынша азаматтық ісін қараған.

 «А» ЖШС және аз. П. араларында тұрғын үй кешені құрылысына үлескерлік шарты жасалған, оған сәйкес, құрылыс жүргізуші өзіне алдағы уақытта тұрғын үй кешені құрылысына қатысқаны үшін 1 пәтер түрінде құрылыс үлесін бөлу міндеттемесін алған.

Сот коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өндіріп алды

09/01/2018

«Көктем» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы»  Сарыарқа аудандық сотына азамат У-ға қатысты коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өндіріп алу туралы арызымен жүгінді.

Сотта анықталғандай, тұрғын үй кешені иелерінің жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, көп пәтерлі үйге техникалық қызмет көрсету бойынша арнайы төлем бекітілген.

Алайда, жауапкерде 2016 жылдың қараша айынан бастап ПИК алдында қызметтер бойынша қарызы бар.

Сот жұмысшының құқығын қорғады

09/01/2018

Астана тұрғыны «D» ЖШС-не қатысты бұрынғы жұмыс орнына қалпына келтіруге, мәжбүрлі болмаған уақытқа еңбек ақысын және моралдық зиянды өтеу туралы арызымен сотқа жүгінді.

Істің материалдарына сәйкес, серіктестіктің бұйрығы бойынша талапкер шұлық өндірісінің басшысы ретінде жұмысқа қабылданған.

Осыдан алты ай өткеннен кейін, жұмыс беруші талапкермен ешбір себепсіз жұмыс орнында болмауына байланысты еңбек келісім-шартын бұзды.

Сот өкілдік шығыстар сомасын өндіріп алды

09/01/2018

2017 жылы Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен екі астаналық тұрғын ҚК 130-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі емес деп танылған (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып,  жала жабу).

Қылмыстық процесс астаналық компанияның арызы бойынша бастамашылық етілген.

Одан басқа, жоғарыда көрсетілген сот үкімімен қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылғандары үшін ақталғандарға зиянды өтеу құқығы танылған.

Ерлі-зайыптылар сотта медиация тәртібімен татуласты

09/01/2018

Сарыарқа аудандық  сотында талапкер Ж. жауапкер Л.-ға неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта істі қарау барысында тараптар судья медиатордың қатысуымен талапкер мен жауапкер өзара келісімге келіп,  дау  медиациялық тәртіпте шешілді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Сот тұтынушының құқығын қорғады

09/01/2018

2017 жылы астаналық тұрғын жиһаз дайындау бойынша жиһаз компаниясымен шарт жасасқан.

Шарттың талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші алдын ала төлем жасаған.

Алайда, компания жиһаз дайындау бойынша қызметін орындамаған.

Одан басқа, сот отырысында анықталғандай, дауды сотқа дейін реттеу мақсатында талапкер, жауапкердің атына наразылық жіберген, алайда, жауапкер дауды реттеу бойынша тиісті шара қабылдамаған.

Сот материалдық зиян сомасын өндірді

09/01/2018

2012 жылы шілдеде елордалық тұрғын сарапшы-бағалаушы ретінде ломбардқа жұмысқа қабылданған.

Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шартпен жауапкерге материалдық жауаптылық жүктелген. 

Ревизия актісін жасау кезінде, ақшалай қаражаттың жетіспеуі анықталған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының заңды күшіне енген үкімімен астаналық тұрғын Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылған.