Архив событий

26/01/2018

Электрондық форматтағы қылмыстық іс

26/01/2018

Қылмыстық істі электрондық форматта қарау – бұл қазіргі заманғы, ыңғайлы және сенімді жүйе, ол қылмыстық процесс сапасын жеңілдетуге және арттыруға бағытталған,тергеп-тексеру мерзімдерін және қаржылық шығыстарды қысқартады, материалдардың бұрмалану қаупін төмендетеді. Электрондық форматқа көшкеннен кейін істер жылдам қаралатын болады, айыпталушы, сондай-ақ адвокат кез келген уақытта онлайн режимде қылмыстық істің барысымен таныса алады.

Сот көршінің пәтеріне су ағызғаны үшін материалдық шығынды өндірді

26/01/2018

Аз. А. аз. М-ға материалдық шығынды өтеу бойынша сотқа талап қоюымен жүгінген.

Жауапкердің кінәсі бойынша талапкердің пәтерін су басқан. «А» ТК ПМК диспетчерлік қызметіне су басу туралы шағыммен жүгінгеннен кейін, пәтерді ПМК төрағасы тексеріп, факт актімен расталған.

Су басу фактісі бойынша  талапкер келтірілген шығынды өтеу туралы ауызша келісуге тырысты, алайда жауапкер қандай да бір төлемдерден бас тартқан.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітті

26/01/2018

Астана тұрғыны «К» ЖШС-на еңбекақы бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

2017 жылғы ақпанда астаналық тұрғын еңбек шарты негізінде фармацевт ретінде компанияға жұмысқа қабылданды, алайда жұмыс беруші бұрынғы жұмыскерге 2017 жылғы ақпаннан бастап тамызға дейін еңбекақысын төлемеген.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат жазған.

Алкоголь өнімдері заңсыз сатылған

26/01/2018

2017 жылғы 12 қазандағы ескерту негізінде О. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын астаналық дүкендердің бірінің  қоймасында салықтық тақырыптық тексеріс өткен.

Тексеріс барысында қойылған талаптарға сай келмейтін 1 млн. астам сомасында 226 дана бөтелке алкогольдік өнім табылған.

Студенттер арасындағы жанжал

26/01/2018

2016 жылғы 19 мамырда университет жатақханасында А. және К. арасында олар тұрып жатқан секциядағы санитарлық орынды тазалау туралы дауға қатысты келіспеушілік туындаған.

А. К-ның денсаулығына  зиян келтіру мақсатында қасақана әрекет ете отырып, оған ас үй пышағымен бірнеше пышақ жарақатын келтірген.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен А. ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот қарыз сомасын өндіріп берді

26/01/2018

2016 жылы астаналық тұрғын өзінің танысынан 1 120 000 теңге сомасында ақшалай соманы қарызға алған, алайда ол қарызды келіскен уақытта қайтармаған.

АК-нің 716-бабының күшіне сәйкес, заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты қарыз алушыдан қарыз сомасын өндіріп берді.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі

26/01/2018

Сот жүйесіне енгізіліп отырған жаңашылдықтарды кеңінен жариялауын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы Есіл аудандық сотында: «Сот кабинеті» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, оған жастар саясаты басқармасының, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ҚБ өкілдері, сондай-ақ сот мамандары қатысты.

Іс-шараны өткізу кезінде бас маман – сот отырысының хатшысы Полат Е.  электрондық сот  ісін жүргізуді дамыту және жетілдіру бойынша мемлекет саясатының маңыздылығы мен өзектілігі туралы атап өтті.