Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің (ТМРА) бұрынғы басшысы Мұрат Оспановқа қатысты қылмыстық істің қаралуы жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық сотында ТМРА-ның бұрынғы төрағасы М.Оспановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жүргізілуде.

Ескерте кетсек, Мұрат Оспановқа қатысты сот талқылауы 2014 жылдың 11 қарашасынан басталып жалғасуда.  М.Оспанов ҚР ҚК-нің 31  бабының 5 бөлігі бойынша, аса ірі көлемде пара алғандығы үшін айыпталуда.

12 қаңтар  2015 жылы аталмыш іс бойынша үш куәгер сотта сұралды.

Бүгін Оспановтың жақын туысының куәгерлік түсініктері тыңдалды. 2015 жылдың 14 қаңтары сағат  10.00-де іс бойынша сотталушы түсінік береді.   

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі