Архив событий

24/11/2020

Аппеляция Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

24/11/2020

2020 жылдың 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Р. Мамунов алаяқтық және пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 4-бөлігі) және Қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мамунов сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.