Архив событий

03/11/2020

Сот Денсаулық сақтау министрлігінің даулы санитарлық ережелерін заңға қайшы деп таныған жоқ

03/11/2020

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 3 қарашадағы шешімімен Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың тармақтарын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға қайшы деп тану туралы бір топ азаматтардың өтініші қанағаттандырусыз  қалдырылды.

Арыз берушілер «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға»  шағым келтірді.

Ювеналдық сотта ата-ана міндеттерін орындамау мәселелері талқыланды

03/11/2020

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу үшін қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшілері Мадияр Игенов, Аян Қоңырбасов, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Дәурен Аймақов, Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Самал Иманқұлова қатысты.