Архив событий

11/11/2020

Елордалық университетке тексеру жүргізуге кедергі келтіргені үшін айыппұл салынды

11/11/2020

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот елорда университеттерінің біріне қатысты материалдарды қарады.

Сот құқық бұзушының студенттердің оқу орны басшылығының заң бұзушылыққа жол бергені және университеттің қызметі туралы ақпарат беруден бас тартқаны туралы ұжымдық өтініші бойынша уәкілетті органның тексеруіне кедергі келтіргенін анықтады.

Бұрын осы аталған оқу орны осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік соттың қаулысымен университетке 277 800 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.

Тараптар сотта 670 миллион теңгеден астам сомаға дауды реттеді

11/11/2020

Елорданың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Р" ЖШС-нің "А" ЖШС-нің жауапкеріне 677 миллион теңге мөлшеріндегі негізгі берешек сомасын, сондай-ақ 16 миллион теңге сомасындағы тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді және Азаматтық процестік кодекстің 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес іс жүргізуінде жатқан судьяның рәсімін өткізу туралы өтінішхат берді.