Архив событий

13/11/2020

Ювеналды сотта істердің жекелеген санаттары бойынша сараптама тағайындау мәселелері талқыланды

13/11/2020

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта әкелікті анықтау және алимент өндіріп алу туралы істерді қарау шеңберінде соттың молекулярлық-генетикалық сараптамасын тағайындау мәселелері бойынша семинар өтті.

Іс-шара судьялар мен жеке сот сарапшысы Әлия Сыздықбекованың қатысуымен Zoom "онлайн" платформасы арқылы өткізілді.

Әңгімелесу барысында судья Динара Макарьина атап өткендей, сот қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сараптама тағайындайды.

Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін.