Архив событий

04/11/2020

12 миллион теңгеден астам сомадағы дау медиация тәртібімен реттелді

04/11/2020

Елорданың Мамандандырылған ауданаралық соты "С" ЖШС жауапкеріне 12 миллион теңге көлемінде берешекті өндіріп алу туралы "Н" ЖШС талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот тараптар өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын жеткізу туралы келісім жасағандығын анықтады. Жауапкер шарттың талаптарын мерзімінде орындамаған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келді және Азаматтық процестік кодекстің 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес рәсімді іс жүргізуінде жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш жасады.

Сот мұрагерлік туралы дауды шешті

04/11/2020

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты азаматша А. - ның мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы жауапкер М. - ға талап қоюы бойынша істі қарады. Талап қоюшы жауапкердің туған әпкесі болып табылады. Сот дау-дамайдың нысанасы анасы Б. - ның 2016 жылдың қаңтарында қайтыс болған туған ағасына тиесілі тұрғын үй екенін анықтады. Көп ұзамай Б. мұраны уақытында қабылдауға үлгермей қайтыс болған. Демек, мұраны мұрагерлік жолмен қабылдау құқығы оның бес баласына берілген. 

Екі мұрагер жауапкердің пайдасына үлестен бас тартқан.